• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана көшелерінде ҰОС ардагерлерінің бейнесімен 100-ге жуық баннер ілінеді

Астана көшелерінде ҰОС ардагерлерінің бейнесімен 100-ге жуық баннер ілінеді

5 Мамыр, 2014 14:16
Астанада Жеңіс Күні қарсаңында ардагерлер бейнесімен баннерлер іліне бастады, деп қала әкімдігінде хабарлады.

Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналған үрдіс деуге болады.

Негізгі мақсат - бейбіт өмір үшін ардагерлерімізге алғысымыз. Олардың ерлігіне тағзым. Қаһарман қарияларымыздың ерлігі ел есінде. Жастардың жадында.

Олардың ұлағатты сөздері, өнегелі істері жас ұрпаққа сабақ, үлгі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 1-сәуірі бойынша, Астанада 258 ҰОС ардагері өмір сүріп жатыр.

Атап айтқанда, коммуналдық қызметтерін төлеуге, қоғамдық көліктерде тегін жүріп-тұруына, шипажайларда тегін емдеуліне.

Сондай-ақ, ардагерлер дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, Жеңіс күніне (2013 ж - 150 мың тг) және Тұңғыш Президент күніне (2013 ж - 20 мың тг) орай, әлеуметтік бір жолғы төлем жүргізіліп тұрады.

 

Барлық жаңалықтар