Мемлекет басшысы Жеңіс Күніне арналған шараларға қатысады

5 Мамыр, 2014 12:58
Ақорданың ресми порталы 9 Мамыр қарсаңында ұйымдастырылған шараларға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатындығын хабарлады.

«6 мамырда Ақордада мемлекеттік марапаттар тапсыру, сондай-ақ жоғары әскери және арнаулы атақтар беру рәсімдері өтеді»,- делінген хабарламада.

7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру болады.

9 мамырда Мемлекет басшысының Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған іс-шараларға қатысуы жоспарланған.

 

Барлық жаңалықтар