• Басты
  • Жаңалықтар
  • КО қатысушы-елдердің электрэнергиялық саласы тарихи ықпалдастырылған – Б. Жақсалиев

КО қатысушы-елдердің электрэнергиялық саласы тарихи ықпалдастырылған – Б. Жақсалиев

5 Мамыр, 2014 12:29
Бүгін «Еуразиялық интеграцияның сараптау үрдісінің электрэнергия саласына беретін әсері» атты отырыс барысында индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев КО қатысушы-елдерінің электрэнергиялық саласы тарихи ықпалдастырылған деп мәлімдеді.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы идеясына 20 жыл уақыт өтті. Еуразиялық интеграция мемлекеттердің экономикалық қарым-қатынасын құрамына алады. Бұл интеграция құрудың негізгі мақсаты. ЕАЭС құрамындағы елдердің электрэнергетикалық саласы тарихи интеграцияланған», - деді Б. Жақсалиев.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық кеңестің құрылуы – бұл объективті үрдіс, негізгі күш арқылы бұл мемлекеттердің прагматикалық қызығушылықтарын қарастырады. Саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған.

«Қазақстанда электрэнергиясының   либералды нарығы, Беларусияда интеграцияланған компанияның вертикалды нұсқасы болса, Ресейде электр қуатының негізі», - деді ол.

Айта кетейік, 2014 жылдың соңында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру бойынша Қазақстан, Ресей, Беларусь арасында келісімге қол қойылады. 

Барлық жаңалықтар