- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов туралы фильмнің тұсауы кесілді (ФОТО)
Астанада Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов туралы фильмнің тұсауы кесілді (ФОТО)
Тарихи деректі фильм бір жыл бойы дайындалды. Онда Ұлы Отан Соғысына шақырылған 19 жасар жасөспірімнің өмірбаяны суреттелген. 1942 -1945 жылдар аралығында сұм соғыстың теперінішін көрген баланың қатал тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайды.
Фашистер «қара өлім» деп лақап ат берген қазақтын қара домалақ баласы өзінің Ил-2 ұшағымен Кеңес ұшқыштарының алғашқыларының бірі болып Берлинді бомбылаған және Украина мен Кавказды немістердің бұғауынан шығарған.
Фильмнің негізіне әйгілі ұшқыш-шабуылдаушының 1966 жылдары «Илдіктер шабуылдауда» деген атпен шыққан ғұмырнамасы алынған. Ал, туындының авторы компьютерлік графика әдістерін пайдаланып, әуедегі ұшқыштардың жан алып жан беріскен сәтін шынайы өмірдегідей көрсете біліпті. Сонымен қатар, әуеде қоршауда қалған Талғат Бегелдиновтың ерең ерлігіде әсем суреттелген.
Жалпы, кино картинаның сценарийін ҚР мәдениет қайраткері Лаврентий Сон жазса, режиссер - қоюшы ретенде Ерген Тоқмурзин өз күшін салған.
"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан соғыс ардагерлері біздің Егемендігімізді өздерінің қанымен қорғап қалды деп айтып келеді. Егер, біз оларды әрқашан құметтеп ерліктерін еске алып жүретін болсақ болашағымызда жарқын болмақ. Біздің қасиетті парызымыз бейбіт және бірлігі қалыптасқан, ынтымақтастығыда өзіне жарасып тұрған елімізде өмір сүру үшін бабаларымыздың ерлігін мәңгілік есте сақтау ",- деп Б.Байбек атап өтті.
Айта кетерлік жайт, "Әуеге көтерілу!" картинасы Астана арнасының эфирінен 9 күні 13:10-да және Хабар арнасынан 17:15-те көрсетіледі.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді