• Басты
  • Онкологиялық көмекті дамыту мемлекеттік бағдарламасы 2016 жылы Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асады (ФОТО)

Онкологиялық көмекті дамыту мемлекеттік бағдарламасы 2016 жылы Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асады (ФОТО)

5 Мамыр, 2014 11:27
Онкологиялық көмекті дамыту мемлекеттік бағдарламасы 2016 жылы Қазақстанның барлық өңірінде іске асырылады. Бұл туралы АПВ қарсы вакцинация бағдарламасын іске асыру мен оны Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндігі туралы халықаралық конференция қатысушылары мәлімдеді.

«Биыл күзден бастап қауіпті онкологиялық аурулардан сақтандыру үшін тегін мемлекеттік бағдарлама есебінен көрсетілетін көмекке бірқатар облыстар қол жеткізсе, 2016 жылдан бастап бұл бағдарлама республика көлмінде қолға алынады. Мен Қазақстан Республикасының өз азаматтарының денсаулығының сақталуы жолында әлемдік деңгейдегі шараларды қолға алатынын мақтан етемін», - дейді Қазақстан Республикасының Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агенттіктің Эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева.

2012 жылы 11-12 жастағы қыздарды АПВ жұқпасына тегін егу Алматы, Астана, Павлодар және Атырау облыстарында басталды.  

«Биыл қыз балаларды қатерлі ісік ауруы мен АПВ кесірінен пайда болатын өзге де сырқаттардан сақтау мүмкінігі өзге де облыстарда пайда болады. Одан кейінгі жылы барлық елде қолжетімді болмақ», - делінген хабарламада.

«Қазіргі таңда қатерлі ісік ауруының алдын алу ұлттық бағдарламасы Австралия, АҚШ, Канада мен Еуропа елдері секілді алдыңғы қатарлы дамыған елдерде қабылданған. Бұл ұлттық бағдарламалар қыздардың АПВ-дан сақтаудың алғашқы егу шарасы болып табылады.

 

 

Барлық жаңалықтар