- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада кәсіподақтар туралы заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды
Астанада кәсіподақтар туралы заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды
Отырыста жұмыс берушілердің зейнеталды жастағы жұмыскерлерге қатысты еңбек заңнамасын сақтауы, өндірістік ұжымдардың қатысуын кеңейтуге көмектесу және еңбекті қорғау мәселелері қаралды.Кәсіподақтар туралы заңға 20 жылдай уақыт болды, бүгінде құжатта жұмыскерлердің құқықтары мен мүддесін қорғайтын кәсіподақтардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері айқындалуы тиіс, деп қала әкімдігінің ресми порталында хабарлады.
«Кәсіподақтар туралы» ҚР заңының басты мақсаты кәсіподақтардың құқықтарын арттырып, күшейтумен қатар, оған айтарлықтай міндеттер қойып, жауапкершілік жүктеу болып табылады. Заң жобасына сәйкес, кәсіподақтар өндірістік-салалық принцип бойынша құрылады. Бұл Халықаралық еңбек ұйымының талаптарын орындайды және кәсіподақтар қозғалысын дамытуға, нығайтуға септігін тигізеді. Мысалы, Германия, Дания, Латвия, Польша, Ресей және т.б. мемлекеттердегі кәсіподақтар осындай принциппен құрылған», - деді Астана қаласының Кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Сәрсенбай Мыңбаев.
Сонымен қатар, заң жобасына әлеуметтік әріптестік мәселелері қарастырылған баптар енгізіліп, кәсіподақтардың міндеттемелері айқындалды. Қолданыстағы «Кәсіподақтар туралы» заңға қарағанда, Заң жобасының нормалары кәсіподақтар қозғалысында құрылымдалған вертикаль және горизонталь құруға, кәсіподақтық тәртіп пен жауапкершілікті бекітуге мүмкіндік береді.
«Нормалар да аса маңызды, олардың саны 40-тан асады. Бәрі де ілеспе құжатқа енгізіледі. Атап айтқанда, Еңбек кодексіндегі өзгерістер, республикалық, салалық және өңірлік комиссиялардың қызметтерін күшейту», - деді С.Мыңбаев.
Еске салайық, қазіргі уақытта Астанада 800-ден астам кәсіподақ бар. Жаңа заң оларға әлеуметтік әріптестермен тығыз ынтымақтастық орнатуға, қорғаныс функциясын күшейтуге, ал жұмыскерлерге еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіподақтарға бірігуге жол ашады.
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды