- Басты
- Жаңалықтар
- Терминологиялық сөздік: Жаңа жібек жолы
Терминологиялық сөздік: Жаңа жібек жолы
Бұл Еуропа мен Азия елдерінің экономикалық интеграциясының негізі болып келетін инновациялық транспорттық инфрақұрылымның үлгісі. Халықаралық деңгейдегі «Жаңа жібек жолы» жобасын жүзеге асыру «5С қағидасына» – жылдамдық, қызмет көрсету, құн, сақтау және тұрақтылық қағидаларына негізделген.
2012 ж. 22 мамырында Шетелдік инвесторлардың кеңесінің 25-ші отырысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған. Берілген жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан арқылы транзитті жүк ағымының көлемі 2020 ж. қарай 2 есе артуы тиіс, одан әрі бұл көрсеткішті 50 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Жоба келесілерден тұратын болады:
- «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының негізінде әлемдік деңгейдегі мультимодальді транспорттық-логистикалық компаниясынан;
- «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастықтың халықаралық орталығынан («Шығыс қақпа»), Ақтау кеңейтілген теңіз портынан және Ақтөбе қаласындағы логистикалық орталықтан («Батыс қақпа»);
- құрылысы жүріп жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтинентальді дәлізден;
- ұзындығы 1200 шақырым болып келетін «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» темір жолдарынан;
- Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалаларындағы «А» санатындағы көпқызметті логистикалық орталықтардан.
«Жаңа жібек жолы» іспеттес болуы қажет, халықаралық деңгейдегі транзиттік тораптардың мысалы Гонконгтың, Дубай мен Сингапурдың транзиттік тораптары бола алады. Дубайдың жоғары дамыған транспорттық инфрақұрылымы 220 бағытта 242 кеме жүзу жолдарын және 130 авиакомпанияларды біріктіреді. Дубайдың Халықаралық қаржылық орталығы (DIFC) батыстағы Нью-Йорк пен Лондон және шығыстағы Гонконгтың негізгі капитал нарықтары арасында уақыт айырмашылығы мен географиялық қашықтықты меңгере отырып, әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан орталық болып келеді.
Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар