Алматыда Жеңіс Күніне арналған веложарыс өтеді

4 Мамыр, 2014 17:11
Алматыда 2014 жылдың 8 мамырында Жеңіс Күніне арналған веложарыс өтеді.

Веложарыс 08:30 Әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесі қиылысында басталып, ҚР  Тұңғыш  Президенті паркінде аяқталады, деп қала әкімдігі хабарлады.  

Жеңімпаздар сыйлықтар мен естелік сыйлыққа ие болады.

Сондай-ақ, шараларға сәйкес веложарыс өтетін жерден автокөліктерді шеттету жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар