- Басты
- Жаңалықтар
- АДБ жаңа келісім аясында Қазақстанға бөлінген қаржыны 2 есеге арттыруы мүмкін - М. Уестфол (ФОТО)
АДБ жаңа келісім аясында Қазақстанға бөлінген қаржыны 2 есеге арттыруы мүмкін - М. Уестфол (ФОТО)
«Біздің стратегиялық серіктесігіміз 2016 жылға дейін есептелген. Алайда алдын ала келіссөздер бойынша Қазақстан қаржыны, яғни Ұлттық қордан бөлінген қаржыны 2014-2015 жылдарға дейін ертерек екі еселегісі келетіні белгілі болды. Сондықтан да біз осы Үйлестіруші кеңесті құрдық. Мұнда тиімді, әрі табысты жобалар талқыланады», - деді М. Уестфол.
Бүгінде Қазақстан мен АДБ қарым-қатынасы өте жақсы, әрі табысты қалыптасқан. Олардың ынтымақтастығына 20 жыл толады.
«Қазақстан Республикасы бізге бөлінген қаржыны тиімді игеруге көметектеседі деп есептейді. Дәлірек айтатын болсақ, шағын және орта бизнесті жақсартуға көмектеседі деп ойлайды», - деді Қазақстан бойынша АДБ-нің директоры.
Сонымен қатар ол, АДБ қолданыста шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша механизм бар. Турасын айтатын болсақ, «Даму» қоры банкпен шағын және орта бизнеске жағдай жасау мақсатында
«Яғни, бізде қалыптасқан механизм бар, соның көмегімен осы қаржылық экономиканы шын мәнісінде игеру мен инвестициялауға мүмкіндік аламыз. Әсіресе, бұл қаржыландыру механизмінің бір қызық жері – АДБ тарапынан бөлінетін және Ұлттық қордан қаржыландырылатын қаражаттың көмегімен біздің ресурстың көлемін екі есе арттырып, осылайша жоба бюджеті екі есеге көбейеді», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-інші отырысының ашылуы барысында Азия даму банкінің президенті Такехико Накао ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовпен арадағы қаржыландыру туралы жаңа келісімге қол қойды.
Қаржыландыру туралы жаңа келісім аясында АДБ үкіметке қордан алынған қаражатты тиімді және рационалды пайдалануды қамтамасыз ету арқылы даму бағдарламасына қолдау көрсететін болады.
Мадина Нұрбекова
Фото Азамат Алиевтікі
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары