- Басты
- Жаңалықтар
- АДБ 2016 жылға дейін Қазақстанның мемлекеттік секторына 1,6 млрд долларды инвестициялайды
АДБ 2016 жылға дейін Қазақстанның мемлекеттік секторына 1,6 млрд долларды инвестициялайды
Айта кету керек, Астанадағы АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-інші отырысының ашылуы барысында Азия даму банкінің президенті Такехико Накао ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен арадағы қаржыландыру туралы жаңа келісімге қол қойды.
«Осы келісімнің аясында Президент тарапынан таяуда ғана жарияланған бағдарлама бойынша қаржыландыру қарастырылуда. Осы бағдарламаға сай, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл қаражат шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шарасын реформалауға, өндірістік және индустриялды даму мен банктік секторды реформалауға бөлінеді», - дейді Клаус Герхауссер.
Оның айтуынша, Азия даму банкі Қазақстан Үкіметінің экономиканы әртараптандыру, инклюзивті өсу мен тұрақты дамуға көңіл бөлу бойынша күн тәртібіндегі жұмыстарын қос қолдап қолдайды.
Клаус Герхауссер банкті қаржыландыру жұмысының механизміне тоқталды.
Қазақстан Үкіметі мен Азия багкінің ынтымақтастығы әр түрлі жобаларды дайындауда. Бұл жобалар өзіндік бюджет пен көлемге ие. Бюджет Азия даму банкі жобаның жартысын қаржыландырса, ҚР Үкіметі қалғанын қаржыландырады.
Қазіргі таңда мемлекеттік секторға бөлінген қаржы 1,6 млрд теңгені құрайды. Бұл 2016 жылға дейін бөлінген серіктестік жағындағы сома. Бұл жылына 310 млн доллар. Оған қоса бізде жеке секторды қаржыландырудың әр түрлі инструменттері бар. Біздің қаржы мен ұлттық қордан бөлінген қаражат жобаларды жүзеге асыруға бағытталады», - деді Мэтью Уестфол.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай