17-18 мамыр аралығында Санкт-Петерборда Астананың мәдениет күндері өтеді

4 Мамыр, 2014 16:21
Санкт-Петербор қаласында Санкт-Петербор Үкіметі мен Астана әкімдігі арасындағы іскерлік ынтымақтастық туралы келісім аясында Елорданың мәдениеті күндері өтеді.

Астана мен Санкт-Петербор   қалалары бауырлас шаһарлар. Бұл қала құрылысы, коммуналдық шаруашылық, туризм мен өзге қызмет салаларында кеңінен көрініс табуда, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Кедендік одақ  құрылғаннан кейін Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының қарқынды өсімі байқалады. Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен шамамен 54 мыңдай кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Қазақстан бүгінде Санкт-Петербор  үшін ТМД елдерінің ішінде үшінші әріптес болып табылады.

«Қалалар арасындағы мәдени және әлеуметтік байланыстар өте маңызды. 2013 жылдың қараша айында «Астана-Санкт-Петербург: стратегиялық және инвестициялық әріптестік» бизнес-форумы аясында Қазақстан-Ресей медицина университеті Биологиялық жүйелердің халықаралық институты емдеу-диагностикалық  орталығымен әріптестік туралы меморандумға қойып, соның нәтижесінде қазақстандық студенттер мен аспиранттар ресейлік ЖОО-да білім алу мүмкіндігі пайа болды», - делінген хабарламада. 

 

 

Барлық жаңалықтар