• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан ЮНИДО халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық Орталығын елімізде ашуға мүдделі

Қазақстан ЮНИДО халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық Орталығын елімізде ашуға мүдделі

4 Мамыр, 2014 15:48
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ өнеркәсіптік дамыту жөніндегі Ұйымының (ЮНИДО/UNIDО) Бас директоры Ли Юнмен оның Астанада өтіп жатқан Азиялық даму банкінің басқарушылар Кеңесінің 47-інші сессиясына қатысуы аясында кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҚР СІМ басшысы Л.Юнды жақында осы жоғары лауазымға сайланғанымен құттықтап, Ұйымның дамушы елдердегі «инклюзивті және тұрақты өнеркәсіптік дамуына» ықпал жасау бойынша жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыруда табыстар тіледі, деп СІМ-де хабарлады.

«Мүше мемлекеттермен қабылданған ЮНИДО жаңа тұжырымдамасы 2015 жылы мыңжылдықтың даму Мақсатын алмастыратын тұрақты даму Мақсатында өнеркәсіптік даму индикаторлары түрінде өз сипатын табуы қажет», - деп атап өтті Е.Ыдырысов.

Әңгімелесуші тараптар ҚР мен ЮНИДО арасындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықты ризашылықпен атап өтті. Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына – өнеркәсіпті модернизациялау, өнеркәсіптік энерготиімділік, сауда әлеуетін нығайту, технологиялық форсайт және өнеркәсіптік статистика кіреді.

«Осы орайда, ЮНИДО-ның Қазақстан үшін шектелмелі елдік бағдарламасын жақын арада қабылдау өзектілігін растағым келеді және бұл өз кезегінде біздің өнеркәсіптік даму саладағы өзара ықпалдастығымызды жаңа деңгейге көтеруге өз септігін тигізеді. Индустриялды даму бойынша Мемлекеттік бағдарламаның 2015-2019 ж.ж. арналған екінші бесжылдығын жасап шығару мен жүргізіліп отырған индустрияландыру саясатына байланысты, Қазақстан үшін Ұйымның сараптамалық әлеуетін тарту, соның ішінде метологияны, ноу-хау мен техникалық тәжірибені қолдану аса қызығушылық тудыруда», - деді ҚР Сыртқы саяси ведомство басшысы.

ЮНИОД-тың дамушы елдерге олардың өнеркәсіптік дамуына ықпал жасау жөніндегі зор тәжірибесін ескере отырып, тараптар Қазақстанның халықаралық жобалары мен бастамаларын іске асыру бойынша өзара ынтымақтасу мүмкіндігін қарастырды. Атап айтқанда, Е.Ыдырысов ЮНИОД басшысын «Жасыл көпір» әріптестік Бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды және Ұйымға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысып, ЮНИОД-тың тұрақты энергия саласындағы жетістіктерін паш етуге шақырды.

Әңгімелесуші тарапты Қазақстан осы уақытқа дейін БҰҰ-да 18 жыл өкілдік ететіні туралы ақпараттандыра отырып, ҚР дипломатиялық ведомство басшысы біздің еліміздің аталған ұйымдардың Алматыдағы қызметін БҰҰ Аймақтық хабын құру арлқылы кеңейту жөніндегі ұсынысын жеткізді.

«Біз ЮНИОД халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық Орталығының Қазақстанда ашылуына да мүдделіміз», - деді ҚР СІМ басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар