- Басты
- Жаңалықтар
- «Кәсіпқор» Холдингі Атыраудағы АPEC Petrotechnic колледжіне оқуға түсуге шақырады
«Кәсіпқор» Холдингі Атыраудағы АPEC Petrotechnic колледжіне оқуға түсуге шақырады
APEC Petrotechnic (Atyrau Petroleum Education Center) – Атыраудағы мұнай-газ саласының қызметкерлеріне арналған өңіраралық кәсіби орталық. Өңіраралық оқу орталығының басты ерекшілігі жаңа білім беру бағдарламаларының қолданылуында. Бұл бағдарламалар халықаралық әріптесі – канадалық Оңтүстік Альберта Технологиялық институтымен (SAIT Polytechnic) бірге әзірленген. APEC Petrotechnic-те әлемнің жетекші оқу орындарында біліктіліктерін арттырған шетелдік мамандар мен жергілікті оқытушылар білім береді. Бұл Қазақстанда және шетелде іске асатын мұнайгаз саласындағы ірі жобаларға қатыса алатын мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Оқу орнының түлектері қазақстандық диплом мен канадалық Оңтүстік Альберта Технологиялық институтының дипломын алады.
APEC Petrotechnic-ке тарту бойынша оқушы жастарға арналған брифингтер Астанада небәрі 2 күн – 15-16 сәуірде ғана өтеді. Бүгін «Кәсіпқор» Холдингінің өкілдері елордадағы №52 мектеп-гимназияның болашақ түлектерімен кездесті. Мектеп директоры Ұлболсын Байтасованың айтуынша, осы жылы оқу орнын 300 оқушы бітіреді және олардың көбісі Атырауда оқуды армандайды.
Кезекті брифинг ертең Астана Политехникалық колледжінде сағат 10:00-де басталады. Толығырақ ақпаратты Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ-ның www.kasipkor.kz сайтынан таба аласыз.
-
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қазақстандықтар 14 желтоқсанға дейін Coursera платформасында тегін оқуға өтінім бере алады -
Балаларды кітап оқуға қызықтыру: «Оқуға құштар мектеп» жобасының ерекшеліктері -
Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтауға шақырады -
COVID-19: Сарапшылар отбасы ішіндегі бейбітшілікке шақырады -
«Бәйтерек» холдингі төтенше жағдай кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетуде -
Жыл басынан бері 37 қазақстандық экспорттаушы «Бәйтерек» холдингінен қолдау алды
-
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады -
«Бәйтерек» холдингі ресейлік жобаларды қаржыландыру фабрикасының тәжірибесінен үлгі алуда -
«Бәйтерек» холдингінің қызметкерлері Президенттік кадрлық резервке енді -
«Бәйтерек» холдингі неміс әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруда -
«Бәйтерек» холдингі ресейлік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда