• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанадағы әскери парадқа 2,5 мыңнан астам жауынгер қатысады – М.Майкеев (Брифинг бейнебаяны)

Астанадағы әскери парадқа 2,5 мыңнан астам жауынгер қатысады – М.Майкеев (Брифинг бейнебаяны)

4 Мамыр, 2014 13:42
Биылғы өткізілгелі жатқан әскери парадқа 2,5 мыңнан астам жауынгер, 250 техника мен 75 ұшу аппараттары тартылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Әскери күштері Құрлық әскерінің Бас қолбасшысы Генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

«Әскери парад біздің жастарға патриоттық тәрбие беріп, рухын көтеретін бірден бір шара. Осы орайда биылғы өткізілгелі жатқан әскери парадқа 2,5 мыңнан астам жауынгер, 250 техника мен 75 ұшу аппараттары тартылады», - дейді М.Майкеев.

Оның айтуынша, биылғы әскери парадқа қолданылатын барлық техника өзіміздің зауыттардан шыққан отандық өнім болмақ.

«Бұрын-соңды Қазақстанда осы тектес әскери техникалар құрастыру жұмыстары жолға қойылмаған еді. 2011 жылғы парадта біз Түркия, Ресей сынды елдердің техникасын пайдаланатынбыз. Биыл алғаш рет бұны қолға алып отырмыз. 7 мамыр күнгі әскери парадта ол техниканың барлығы көпшілік назарына ұсынылады. Қазақстанның шығаратын әскери техникалары алдыңғы қатарлы заманауи техникалардың ешбірінен де кем түспейді», - дейді құрлық әскерінің бас қолбасшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Астанадағы Қазақ елі алаңында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әскери парад ұйымдастырылады.

 Бауыржан Мұқанов

 

Барлық жаңалықтар