• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда «Тұтынушылардың құқығын қорғау» ақпараттық жүйесін құру жоспарланған (Брифинг бейнебаяны)

Қазақстанда «Тұтынушылардың құқығын қорғау» ақпараттық жүйесін құру жоспарланған (Брифинг бейнебаяны)

4 Мамыр, 2014 12:21
ТҚҚА «электрондық үкімет» (e-gov.kz) порталымен ықпалдастырылған «Тұтынушылар құқығын қорғау» ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құруды жоспарлап отыр, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

«Біз тұтынушылар құқығын қорғаудың жаңа жүйесін таңдадық. Себебі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңда тұтынушының бұзылған құқығын қалпына келтіретін нақты механизмдер қарастырылмаған. Агенттік жаңа редакциядағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң жобасы мен тұжырымдамасын жасауға кірісті. Ол әлемдік тәжірибеге негізделіп жасалуда. Жүйе «электрондық үкімет» порталымен ықпалдастырылады», - деді Б.Қуандықов. 

Ол сондай-ақ тауар, жұмыс пен қызметі тұтынушының құқығын қорғаудың нақты тәртібі жаңа заңда көрініс табатынын жеткізді.

Атап айтқанда, тауарды қайтару, ауыстыру және кемшіліктерін қалпына келтіруді, сатушылар мен орындаушылардың жауапкершілігін, өтінішті қанағаттандыру мерзімін, салдарын нақтылау тәртібін айқындау қолға алынбақшы. 

«Одан бөлек, жаңа заңда тұтынушының құқығын қамтамасыз етуші мемлекеттік органдардың міндеті нақты көрсетілетін болады», - деп түйіндеді агенттік басшысы.

 

Барлық жаңалықтар