Такехико Накао АДБ жұмысының 7 стратегиялық басымдығын атады

4 Мамыр, 2014 12:14
Бүгін «Қазақстан» ОКЗ өткен АДБ 47-інші Жыл сайынғы отырысының ашылу салтанатында АДБ президенті Такехико Накао Азия даму банкінің алдағы жалдарға арналған 7 стратегиялық басымдығы туралы айтып берді.

Біріншісі, инклюзивті өсім.

«Біз өз қызметімізді білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және инклюзивті кәсіпкерлік салаларында кеңейтіп, дамытатын боламыз. Гендерлік саясатқа да көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, қиын жағдайға душар болған мемлекеттерге инвестиция тарту жұмыстарын арттырамыз», - деп бірінші басымдық туралы Т. Накао ағынан жарылды.

Екіншіден, климаттың өзгеруі және табиғи апаттар тәуекелін басқару.

«АДБ табиғи апаттардың әсерін төмендету және одан кеңін бейімделу жұмыстарына көбірек ден қоямыз. Болашақта АДБ табиғи апаттарды алдын алу және оларды басқаруға стратегиялық тұрғыдан қарайтын болады»,- деп  АДБ Президенті түсіндіріп өтті.

Үшіншісі аймақтық ынтымақтастық және интеграция.

«АДБ  кедендік процедураларды жеңілдету арқылы  сауда-саттық жүргізуді ынталандырады. Сонымен қатар, банк аймақтық қаржылай интеграцияға демеу көрсетеді», - деп ол атап өтті.

Т. Накао сөзіне сенсек, төртінші бағыт бойынша инфрақұрылымдар салынса, бесіншіден табыс  көлемі орташа болып келетін елдерде   өнімділілік арттырылатын болады. Ал, алтыншы бағыт бойынша жеке сектордың дамуына, жетінші бағыт бойынша білімді таратуға көбірек көңіл бөлінетін болады.

Төртінші бағыт бойынша инфрақұрылымдар салынады.

«Аймақта инфрақұрылым тапшылығы қатты сезіледі. Сондықтанда осы мақсатта инвестициялар тартылып, жаңа инфрақұрылымдар салынады. Сонымен қатар, олардың заманауи техникамен жабдықталуы да қадағаланады», - деді Т. Накао.

Бесіншіден табыс  көлемі орташа болып келетін елдерде   өнімділік арттырылатын болады.

«Табыс көлемі орташа болып келетін елдерде өнімділік арттырылатын болады. Ол үшін жеке сектордан инвестиция тартылып, халықаралық тәжірибені енгізуге көбірек ден қойылады», - деп Т.Накао атап өтті.

Ал, алтыншы бағыт бойынша жеке сектордың дамуына жағдай жасалады.

«Бұл бағытта үлкен ивестициялық жобалар жүзеге асырылады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Жеке инвестициялар көлемі арттырылып, мемлекетік қызметті ұсыну жақсартылады», деп Т.Накао сендірді.

Жетінші бағыт бойынша білімді таратуға көбірек көңіл бөлінетін болады.

«Бүгінде АДБ біліміне, сараптамасына көптеген мемлекеттер жүгініп, сұратып жатады. Сондықтан осы сала тың серпіліспен алдағы уақытта дамытылатын болады», - деді сөз соңында Т.Накао. 

Барлық жаңалықтар