- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай АДБ инфрақұрылымын құру мүмкіндігін талқылады
Қазақстан мен Қытай АДБ инфрақұрылымын құру мүмкіндігін талқылады
Тараптар ынтымақтастық мәселелерін және инфрақұрылымды дамыту азиялық банкін құру жағдайларын талқылады, деп ЭБЖМ-де хабарлады.
Цзивэй мырзаның атап өткеніндей, Қытай бұл бастаманы аймақтағы экономикалық интеграцияға ықпал ету үшін қолға алып отыр.
«Аталған банк аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын,- деді ол.
«Бізде қазіргі уақытта үш жоба етене қолға алынып жатыр. Оңтүстік-Батыс бағыты бойынша - Теңіз жібек жолы, солтүстік-шығыс бағыт бойынша - Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі. Ал үшінші бағыт - солтүстік-шығыс Ресей және Монғолия бағыты. Бүгінгі күні біз, өндірістік және қайта өңдеу салаларын дамыту үшін көліктік инфрақұрылымды дамытудамыз. Біздіңше көліктік инфрақұрылым экономикалық дамудың негізі», - деді ол.
Орталық Азия елдерінің қарқынды дамуын атап өткен қаржы министрі Қазақстанмен энергетика саласында ынтымақтастық орнату ниетін білдірді.
Өз кезегінде Бюджеттік жоспарлау және экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстанның солтүстік-шығысында электрэнергиясының аса мол екенін жеткізді.
«Біз Қытайға елдің шығысы арқылы электрэнергиясын бағыттау мәселерін қарастыра аламыз. Қазақстан бүгінгі күні артық электрэнергияны Ресейге экспорттауда, бірақ қуаттылық жағынан алғанда біздің одан да көп көлемде экспорттау мүмкіндігіміз бар. Әлеует мықты, біз оны тиісті деңгейде пайдалануымыз керек. Сондықтан, инфрақұрылымды дамыту азиялық банк құру бастамасы экономикалар етене жұмыс істеуі үшін жобаларды тереңірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді,-деп түйіндеді сөзін министр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды