- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасы қабылданды
Астанада Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасы қабылданды
«Жаһандық өсімді қайта қалпына келтіру: жаңа экономикалық және институционалдық драйверлер» атты І Пленарлық отырыс барысында ұзақ мерзімді келешектегі тұрақты өсімнің қажетті шаралары, жаһандық экономикадағы Азия мен Орталық Азияның рөлі, Еркін сауда туралы келісім, монетарлық саясат пен Азия өңіріндегі бағалы қағаздар нарығы жайлы мәселелер талқыланды.
Пленарлық отырыста, сонымен қатар, Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасы (ӘДҚЖТ) талқыланып, үлкен қолдауға ие болды. ӘДҚЖТ - 2013 жылдың мамыр айында, Астанада, БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен өткізілген І Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференция қорытындысының негізінде жасалған үкіметтердің, орталық банктердің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының және сарапшылардың бірлескен жұмысының нәтижесі.
Пленарлық отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов; БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар, БҰҰ-ның өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұйымының (ЮНИДО) Бас директоры Ли Ёнг, АДБ Вице-Президенті Бинду Лохани, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» Қауымдастығының Үйлестіру комитетінің тең төрағасы Серік Нөгербеков, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының президенті Мұрат Кәрімсақов, модератор ретінде Бреттон-Вудсты жаңарту комитетінің атқарушы директоры Марк Узан қатысты.
Пленарлық отырыстың қатысушылары бұл Тұжырымдаманың көкейкестілігі мен жоғары құндылығын ескерді, сонымен қатар, бұл құжаттың демократиялық негізде қалыптастырылғанына ерекше мән берілді.
Бұл құжат жаһандық экономиканың негізгі мәселелерінің жүйелік жоспары болып табылады. Жалпы ұсыныстарымен қазіргі таңның өзекті жаһандық мәселелерінің картасы жетілдірілді деп айтуға болады. Бұл жобаның әлемдік экономиканың макроэкономикалық мәселелерге арналғанын есепке алғанда және халықаралық әлеуметтік және қаржы-экономикалық мәселелерді қосқанда, ол 2015 жылдан кейін G20-да Австралиялық және Түрік төрағалықтарында БҰҰ-ның күн тәртібінде қаралатын мәселелер тізімі үшін ұсыныстарды қалыптастыру үшін қысқа мерзімді келешекте өз үлесін қоса алады.
Осындай ауқымды, көп күшті қажет ететін сараптамалық жұмыс 2014 жылдың 21-23 мамыр күндері Астанада, БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен өткізілетін ІІ Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференция соңында аяқталады.
Болашақта Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасын БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі мен өзге де халықаралық ұйымдарға әрі қарай жетілдіру үшін табыстау жоспарда бар.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші