• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан СПЕКА бағдарламасы бойынша «жасыл» экономика саласында ынтымақтастықты күшейтеді

Қазақстан СПЕКА бағдарламасы бойынша «жасыл» экономика саласында ынтымақтастықты күшейтеді

4 Мамыр, 2014 09:46
Қазақстан СПЕКА (БҰҰ Орталық Азия елдері экономикасына арналған арнайы бағдарламасы) бағдарламасы аясында «жасыл экономика» және баламалы энергетика саласында ынтымақтастықты күшейтуді ұсынуда. Бұл туралы Азия және Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссиясы атқарушы хатшысы (АТМЭӘК) Шамшад Ахтармен кездесу барысында Қазақстанның Бюджеттік жоспарлау және экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Қазақстан БҰҰ комиссиясымен түрлі салада ынтымақтастық орнатқан. Атап айтсақ, АТМЭӘК бағдарламасының: қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстардды басқару, инвестициялық ынтымақтастық және сауданы дамыту мәселелеріне назар аударылған. ҚР министрлігі АТМЭӘК-мен етене байланыста және оның жыл сайынғы сессияларына тұрақты қатысып тұрады»,-деп Е.Досаев атап өтті.

Сондай-ақ ол, Қазақстанның АТМЭӘК-мен өзара іс-қимылының маңызды бағыттарының бірі СПЕКА (БҰҰ Орталық Азия эелдері экономикасына арналған арнайы бағдарламасы) бағдарламасын жүзеге асыру екенін айтты. Министр аталған бағдарламаның ҚР Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын және ортақ тарих пен географиялық жақындық байланыстыратын  СПЕКА елдерімен ынтымақтасу үшін ірі жобаларды қолға алып жатқанын ескерте кетті.

«СПЕКА бағдарламасы Орталық Азия елдерімен экономикалық ынтымақтасты нығайтуда айрықша рөл атқарады. Және біз оған үлкен үміт артамыз»,-деді министр.

Өз кезегінде Шамшад Ахтар АТМЭӘК-ның да Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу ұстанымын қолдайтынын және ынтымақтастықты тереңдетуге ықыласты екенін жеткізді.

 

Барлық жаңалықтар