• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еуразия орталығындағы ел ретінде Қазақстан үшін интеграциялық үрдістерге қатысу ауадай қажет

Еуразия орталығындағы ел ретінде Қазақстан үшін интеграциялық үрдістерге қатысу ауадай қажет

2 Мамыр, 2014 11:36
Астанада шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерінің кездесуінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия орталығындағы ел ретінде Қазақстан үшін интеграциялық үрдістерге қатысу ауадай қажет екендігін айтты.

«Біз әр түрлі сарапшылардың Еуразиялық экономикалық кеңес туралы пікірлерін естиміз.Меніңше, оны түбіне дейін зерттеп оның саяси ұйым екеніне көз жеткізу қажет. Болашақта барлығы болуы мүмкін, бірақ бүгін бұл тек қана экономикалық серіктестік», -деді Н. Назарбаев.

Ол атап өткендей, «Еуразия орталығындағы ел ретінде Қазақстан үшін интеграциялық үрдістерге қатысу ауадай қажет».

«ДСҰ енуге дайындық ретінде біз өз бизнесімізді тауар мен экономиканың дәстүрлі түрін дамытуымыз қажет», -деді ол.

Н. Назарбаевтың айтуынша, ЕАЭК 2030 жылға дейін қатысушы-елдердің ЖІӨ 25% және 600 млрд доллардан асыруды көздейді. 

Барлық жаңалықтар