АДҚ мен ҚКР бірігуі несиелендіруді 20 пайызға арттырады – Т.Накао

2 Мамыр, 2014 12:31
АДҚ мен ҚКР бірігуі несиелендіруді 20 пайызға арттырады , деп бүгін Астанада өтіп жатқан Азия Даму банкінің жыл сайынғы 47-інші отырысының баспасөз брифингінде АДБ президенті Такехико Накао мәлімдеді.

«АДБ президенті қызметіне келген жылы біз банктің ұзақмерзімді Стратегиясына (2020 стратегиясы) шолу арқылы осы жайттарды нақты зерделеуге баса назар аудардық. Орта мерзімді бұл шолу Азияның кедейлік деңгейін азайтып, оның табысты елдер мәртебесіне жетелейтінін көрсетті», - дейді Т.Накао.

Оның айтуынша, АДБ өзінің орта мерзімді шолуына дамушы елдерге банктің көмегінің сапасын арттыруға арналған 10 стратегиялық басымдылық ұсынады.

«Банктің басқарушыларымен бөлісетін тағы бір жайт, АДБ-нің қаржылық ресурстарының өз базаларын нығайту бойынша жаңашыл ұсыныстарға қатысты. Банкте алыс-берістің екі арнасы бар: неғұрлым кірісі аз өңір елдерінің жеңілдікпен қаржыландыруын ұсынатын Азия даму қоры (АДҚ) мен қаржыландыруымыздың ірі бөлігін құрайтын қарапайым капиталдық ресурстар (ҚКР)», - дейді Т.Накао.

Накаоның айтуынша, банк қазіргі таңда екі бағытты біріктіретін шараларды қарастыруда. Бұл банк капиталының  ұлғайған үлесін неғұрлым тиімді пайдалануға, несие берудегі мүмкіндіктерді нығайтуға және кірісі төмен деңгейдегі елдерге көмек көлемін арттыру мүмкіндігін бермек.

«Бұл бірегей табысты ұсыныс АДБ-ға несиелендіру әлеуетін АДҚ донор елдеріне қаржылық жүктемелерді азайта отырып ҚКР есебінен де, сонымен қатар АДҚ-дан да 20 пайызға арттыруға жол ашады», - деп түйіндеді сөзін АДБ президенті Т.Накао.
 

Бауыржан Мұқанов

 

Барлық жаңалықтар