Қазақстан Азия мен Еуропа арасында көпір бола алады – Т. Накао

2 Мамыр, 2014 10:17
Бүгін Азия Даму Банкінің президенті Такехико Накао жыл сайынғы 47-ші отырыста Қазақстан Азия мен Еуропа арасында көпір бола алады, деп мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы жетістігін есекере отырсақ, ол жаһандық нарықта жақсы дәрежеге ие. Елдің географиялық орнын ескерсек, ол Азия мен Еуропа арасындағы көпір қызметін атқара алады», - деді Т. Накао.

Оның айтуынша, бүгін елде көліктік инфрақұрылым құрылған, ол Азия мен Еуропа арасындағы  дәліз қызметін атқара алады.

«Осы бағдарламалар аясында 32,8 млн доллар мемлекет арасында интеграцияны құру үшін жұмсалды. Қазақстан басшылығы Еуропа мен Азия арасындағы нарыққа үлкен қолдау көрсетеді»-деді ол.

Айта кетейік, бүгін  Тәуелсіздік  сарайында Азия Даму банкінің жыл сайынғы 47-ші отырысы өтуде. Ол  5 мамырға дейін жалғасады. 

Барлық жаңалықтар