- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы АДБ президенті Такехико Накаомен кездесті
Мемлекет басшысы АДБ президенті Такехико Накаомен кездесті
Ақордада хабарлағандай, кездесуде инфрақұрылымдарды дамыту, еліміздегі қаржы-банк секторын одан әрі реформалау, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қажетті қолдау көрсету мәселелерін қамтыған ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.
Сондай-ақ, тараптар әлемдік қаржы жүйесін одан әрі дамыту жолдары туралы пікір алмасты.
Қазақстан Президенті Азиялық даму банкі басқарушылар кеңесінің алдағы 47-ші отырысының Астанада өтетініне ризашылық білдірді.
« 2014 жылы Кеңеске төрағалық ету – біз үшін құрмет. Қатысушылар құрамында аса көрнекті адамдар болады. Біз мұны тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның табыстарын банктің мойындауы деп білеміз. Биыл еліміз бен Азиялық даму банкі арасындағы ынтымақтастыққа 20 жыл толады. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыра бастаған бүгінгі кезеңде біз сіздердің банктеріңізбен өзара іс-қимылдың жаңа беттерін ашқымыз келеді», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев қос тараптың ынтымақтастығы мемлекетіміздің мүддесіне толық сай келетінін және еліміздің экономикасын әртараптандыру үдерісіне банктің көрсеткен қолдауын Қазақстан жоғары бағалайтынын атап өтті.
Азиялық даму банкінің басшысы өз кезегінде Астанада форум өткізу туралы шешім үшін алғысын білдіріп, оған Азияның барлық түпкірінен 3000-нан астам делегаттың қатысуы күтіліп отырғанын айтты.
Т.Накао сондай-ақ АДБ Қазақстанда өз жұмысын бастағаннан бері жалпы сомасы 3,5 млрд.доллар қаржылай көмек көрсеткенін атап өтті.
Азиялық даму банкінің президенті «Қазақстан – 2050» Стратегиясын энергетика, индустрияландыру, қаржы секторын дамыту, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік тәрізді салалар бойынша жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді