- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Беларусьтің Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
Қазақстан және Беларусьтің Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
25 Сәуір, 2013 00:00
Бүгін Беларусь Республикасына ресми сапармен барған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов өзінің әріптесі Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді.
Оңаша кездесуде Қазақстан-Беларусь екіжақты қарым-қатынасы, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара жоғарғы деңгейдегі түсіністік пен сенімді атай отырып, С.Ахметов «елдеріміздің арасындағы интеграциялық процестерді тереңдете түсу Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады»,-деді.
«Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы өткен жылдың қортындысы бойынша 1 млрд. АҚШ долларына артты және бізде оны таяу жылдары екі есеге ұлғайтудың барлық мүмкіндіктері бар»,-деп түйіндеді С.Ахметов.
Өз кезегінде, М.Мясникович «Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық саладағы байланыстарды дамытуына мүмкіндіктері мол»,-деді.
«Біз инвестициялық байланыстар кезеңінен өттік, енді біздің елдеріміздің алдында ғылыми-техникалық және инновациялық өзара іс-қимылдар үшін жақсы мүмкіндіктер ашылуда, бүгінгі бірлескен құжаттарға қол қоюымыз-соның дәлелі»,- деп атап көрсетті М.Мясникович.
Кездесу барысында тараптар сонымен қатар Кеден одағы шеңберінде өзара іс-қимылды дамытып, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер