- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық ШОБ-тің ресейлік нарыққа шығуына барлық жағдай жасалған – Ғ. Оразбақов
Қазақстандық ШОБ-тің ресейлік нарыққа шығуына барлық жағдай жасалған – Ғ. Оразбақов
«Барлық жерде Ресей біз үшін ең басты стратегиялық әріптес екені көрсетілген. Бірыңғай экономикалық кеңістік құру барысында меніңше, қазақстандық бизнестің үлесін арттыру жеткілікті. Егер де шекаралық бекеттегі кедендік тәртіпті жеңілдеткенімізді еске алсақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 40 пайызға өскендігін байқадық», - деді Ғ. Оразбақов.
Сонымен, оның айтуынша, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру нормасы Қазақстанның Ресейдегі тауар айналымын арттыруға септігін тигізді. Сонымен қатар қазақстандық бизнестің мүмкіндігін арттырды.
«Мысалы, Мәскеуге Қазақстанның оңтүстігінен көкеніс жеткізу мәселелерін талқылау үшін аталмыш аймақтың кәсіпкерлерін шақырдық. Сондағы білгеніміз бұл саладағы Мәскеудің нарығы жылына 5 млрд. долларды құрайды екен. Демек, бұл үлкен нарық және қазақстандық бизнестің алдында үлкен мүмкіндіктер туындауда», - деп ол атап өтті.
«Бұл жерде Қазақстанға өнім кіргізу болашағы жоғары өңірлер болып табылатын Сібір мен Ресейдің шекаралас жерлері туралы сөз болып тұрған жоқ», - дейді Ғ.Оразбақов.
Оның айтуынша, монополияға қарсы ведомствоның басты міндеттемесі – шаруашылық субъектілерінің бірдей шарттарда, бірдей жағдайда жұмыс істеуі мен бәсекелестікке жағдай жасайтын заңнаманың салтанат құруы.
«Бұл үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Менің ойымша, біздің елдің артықшылығы Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары және әкімшілік кедергілер мәселесі жағынан да алда тұр. Біздің заңнамамыз барынша ыңғайлы және ресейлік нарыққа шығуға өз кезегінде салықтық заңнама да мүмкіндік береді», - дейді ол.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы