- Басты
- Жаңалықтар
- ҰКП, БҒМ және ЕХӘҚМ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ҰКП, БҒМ және ЕХӘҚМ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Үшжақты меморандум жобасы білім берудің жаңа тетіктерін енгізу арқылы Қазақстандағы кәсіптік білім беру саласын дамыту бағытында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындаған ұсыныстар негізінде жасақталды. Бұл ұсыныстар кәсіби білім беру саласындағы замануи талаптарға сай келеді, деп ҰКП ресми порталы хабарлады.
Бірлескен жұмыс жоспары бірнеше бағытты қамтиды. Мәселен, мамандарды даярлауда және дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша заң жобасы әзірленеді. Атап өткен жөн, дуальді оқыту жүйесі арқылы азаматтар теориялық біліммен қатар, тәжірибе жүзінде кәсіби шыңдалуына мүмкіндік алады.
Дуальді оқытуда студенттерге тиімді, әрі әділ іріктеу жүргізу үшін күзде бірыңғай веб-сайт ашу жоспарланып отыр.
Қазақстанның әрбір облысында техникалық мамандарды дайындайтын оқу орындарында эсперименталды оқу жоспары енгізілмек. Оған сай, білім беру сағаттарының 60%-ын тәжірибелік сабақтарға арнау көзделеді.
Тағы бір жаңалық – кәсіптік білім беру орындары, мекемелер, студенттер және өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен 4 жақты келісімнің жасалуы.
Сондай-ақ, жоспарда бірқатар колледжді салалық қауымдастықтықтар, отандық мекемелердің сенімді басқаруына кезең-кезеңімен беру қаралған. Әрбір өңірде ірі мекемелер мен салалық қауымдастықтар бірлесіп оқу орталықтарын ашады. Ал, 2015 жылға қарай бұл жұмыстарға шетелдік қорлар мен компаниялар қаржысын тарту межеде бар. Студенттерді тәжірибелік баулу жұмыстары шетелдік компаниялар базасында жүргізіледі.
Министрлік өкілдері мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері атап өткендей, бұл қадам ел экономикасының қазіргі талаптарына сай келеді. Аталған жұмыстар 2011-2020 жылдарға арналған ҚР-дағы білім беруді дамыту бағдарламасы мен үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның заңды жалғасына айналмақ.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар