- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәсекелестік туралы» Заңға енген өзгертулер КО елдеріне тең мүмкіндік береді – Г.Оразбақов
«Бәсекелестік туралы» Заңға енген өзгертулер КО елдеріне тең мүмкіндік береді – Г.Оразбақов
«Бүгінде агенттік бәсекелестікті қорғау шараларын қабылдауда. Бұл әсіресе интеграциялық процестер тұсына өте маңызды. Экономикалық интеграцияның кеңейтілуінің бір ерекшелігі нарық шекарасының кеңейтілуі мен сатып алушылар санының артуы. Осы орайда мемлекеттің міндеті Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру арқылы ынталандыру шараларын дайындау», - дейді Ғ.Оразбақов.
Оның айтуынша, монополияға қарсы реттеу нормалары әмбебап және Кедендік одақ елдерінде бірдей деуге болады. Бар ерекшеліктері ұлттық экономика ерекшеілктеріне байланысты түрлі қасиеттерге ие.
«Жалпы нарықта сөзсіз жетістікке жету жолында біздің ұлттық заңнамада «Бәсекелестік туралы» жаңа Заң моделінің қабылдануы керек. Бұл, біздің ойымызша, кәсіпкерлікке отандық кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік ашу жолын жеңілдетеді. Яғни біз баршаға ортақ нормалары қарастырылған «Бәсекелестік туралы» жаңа Заң дайындап шығарамыз. Мен бұл әдісті барынша әділ және либерал жол ретінде ұсынар едім», - дейді ол.
Ол мысал келтірді, «мәселен, қазір Заңды бұзған жағдайда бірқатар айыппұлдық санкциялар енеді. Біз бәсекелестік туралы Заңға тәртіп бұзушылық туралы хабарлау немесе алдын алу сынды ұғымды енгізуді ұсынып отырмыз».
«Алдын алу жұмыстары кезең бойынша жүзеге асады. Антимонополиялық құқық бұзушылық болмай тұрып, кәсіпкердің БАҚ арқылы бұқаралық шығуы заң бұзушылыққа әкеледі. Егер де кәсіпкер заңды бұзып, ол аса қатты шығын келтірмесе біз оны ескертеміз және тәртіп бұзушылықты жоюға шақырамыз. Ал, егер де ол ескертуге құлақ салмаса оған белгілі шаралар қолданылатын болады», - деді ол.
Г. Оразбақовтың айтуынша, бұл кәсіпкерлердің қаржылық шығынға түспеуін қарастырады.
Айта кетерлігі, отандық бизнеске бәсекелестік жағдайын туғызу үшін ЕАЭО ену үрдістері жалғасуда.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты