- Басты
- Жаңалықтар
- «KazEOSat-1» қазақстандық спутнигі ұшырылды – Қазғарыш
«KazEOSat-1» қазақстандық спутнигі ұшырылды – Қазғарыш
Естеріңізге салайық, аталған спутниктің ұшырылуы кеше Астана уақыты бойынша сағ.7:35-те болуы тиіс еді, алайда ауа райына байланысты кейінге қалдырылды.
Қазақстан тарихындағы алғашқы ЖҚЗ спутнигі ҚР ҰҒА және «Airbus Defence and Space» (бұрынғы атауы EADS Astrium)француз компаниясы арасында жасалған шарты аясында әзірленген. «KazEOSat-1» ҒА-ның кеңістіктегі жоғары дәлдігі - 1 метр, қамтылуы - 20 км, спутниктің өнімділігі - 220 мың шаршы км (тәулік ішінде). Қазақстандық ЖҚЗ ҒА-ның салмағы шамамен 900 кг, орбитеада жұмыс істеу мерзімі - 7 жылдан кем емес.
ҚР Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі Қазақстанға жедел бақылау ақпараттар мен мәліметтерді алуға мүмкінді береді. Ғарыштық деректерді қолдануға негізделген осы технологияларды енгізу ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар қызметі, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік, геодезия және картография үшін орасан зор нәтиже бермек.
Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі екі ғарыштық аппаратты (дәлдігі жоғары «KazEOSat-1» және дәлдігі орташа «KazEOSat-2»), спутниктерді басқарудың жерүсті кешенін, сондай-ақ ғарыш деректерін қабылдау, өңдеу және тарату үшін жерүсті мақсатты кешенін қамтиды.
Мәселен, қазіргі уақытта Ресейдің Орынбор облысындағы Ясный базасында «Днепр» зымыран-тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды. Бұл зымыран-тасығыштың көмегімен ү.ж. маусым айында «KazEOSat-2» екінші қазақстандық ЖҚЗ спутнигін орбитаға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, бүгін Астана қ. Қазмедиаорталығы ғимаратында «KazEOSat-1» Жерді қашықтықтан зондтаудың қазақстандық спутнигін француз «Куру» ғарыш айлағынан ұшырылуының онлайн көрсетілімі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара аясында Жерді қашықтықтан зондтау спутнигінің ұшырылуымен қатар, кең көлемді ақпараттық бағдарлама (презентациялар, тақырыптық видеороликтер, комментарийлер, аудиобайланыс және т.б.) қамтылды.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды