- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада медицина қалдықтарын қауіпсіз басқарудың біріккен жобасы іске қосылды
Астанада медицина қалдықтарын қауіпсіз басқарудың біріккен жобасы іске қосылды
«Ел үшін қоршаған ортаны қорғау стратегиялық міндеттеме болып табылады. Экономиканың барлық саласына әсер ететін шешімдер мен нәтижелер елге әлеуметтік және саяси тұрғыда да ықпал етпек. Үкіметтің жұмыстары экологиялық ортаны жақсарту мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды арттыру үшін құқықтық институциялық және экономикалық шарттарды құруға бағытталған», - дейді ведомствоның жауапты хатшысы А.Дерновой.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін сынапты қолдану мәселесі әлі де болса шешімін таппай тұр.
«Өткен жылы министрліктің бастамасымен құрылған «Жасыл даму» АҚ аясында биылғы жылдан бастап Қарағанды облысына сынап қалдықтарын тиімді пайдалану жобасы іске асырылып жатыр. Аталмыш жұмысты енді Қостанай облысында да жалғастыру көзделіп отыр», - дейді жауапты хатшы.
Сонымен қатар, оның айутынша, үшінші міндеттеме – медициналық құрал қондырғылардан шығатын сынап пен өзге де қалдықтарды барынша азайтау. «Аталмыш мәселені тез арада шешу керек», - дейді ол.
Жалпы, медициналық қалдықтарды басқару туралы жоба осы саладағы олқылықтардың орнын толтырып, кедергілерді алып тастайды. Оның үстіне, Минамата тұжырымдамасын ратификациялау үшін дайындық жұмыстары болмақ. Сонымен қатар, ол ҚР-да медициналық қалдықтарды басқару үшін қолжетімді әрі қолдануға болатын қауіпсіз техниканы таңдауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, БҰҰДБ Қазақстандағы өкілі Екатерина Паниклова жобаның аймақтық саясатпен байланысты болуының маңыздылығын атап өтті.
«Біздің Шығыс Қазақстан, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында жобаларымыз бар. Оларды жүзеге асыру үшін біз тікелей әкімдіктермен жұмыс істеудеміз», - деп ол толықтырып өтті.
Медициналық мекемелердің статистикасына сәйкес жылына 20 мың тоннадан астам медқалдықтар жиналады. Оның үстіне олардың басым бөлігі аса қауіптілер санатына жатқызылған.
ҚР Денсаулық министрлігінің талабы бойынша инфекцияланған қалдықтарды қарапайым қоқыс жәшіктерге тастауға тиым салынған. Сондықтан да оларды өртеп жібереді. Алайда, қауіпті қалдықтардың көзін дәл осылай жою атмосфераға жоғары уландырғыш заттардың шығарылуына әкеліп соғады. Осылайша экологиялық ахуал күн санап нашарлайды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар