- Басты
- Жаңалықтар
- АДБ қазақстандық бизнесті қолдау үшін 150 миллион доллар бөледі
АДБ қазақстандық бизнесті қолдау үшін 150 миллион доллар бөледі
Қарыз көлемі, 22,5 миллиард теңгені құрайды, енді барлық мемлекетішілік келісім үрдістері неғұрлым жылдам бітсе, тиісті қаржыға ағымдағы жылы қол жеткізуге болады, деп ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен хабарлады.
«Мұндай қарыз алу тәжірибесі Қазақстан үшін жаңалық емес. Айталық, мемлекет пен АДБ арасындағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасына сәйкес, осындай 150 миллион долларға тең қарыз 2011-жылы алынған болатын және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы үш коммерциялық банктерге орналастырылып, еліміздің экономикасы үшін қарқынды жұмыс атқарып келеді», - делінген хабарламада.
Дәлірек айтсақ, 2013-жылды соңында қатысушы-банктерге 32 334,97 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, екі мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Қарыздың басым бөлігі Алматы және Астана қалаларынан тысқары жерлерге берілді.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан Үкіметі жеке кәсіпкерліккке айтарлықтай қолдау көрсетуде. Сонымен, «Бизнестік жол картасы - 2020» бағдарламасы жасақталып, бүгінде оған деген сұраныс күн санап артып келеді. Мембағдарламасы аясында кәсіпкерлер субсидиялау, екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу, жаңа бизнес идеяларды алу үшін кепілдік беру, шетелде тәжірибеден өту, жүйелік қолдау мен мамандандырылған консалтинг сияқты қолдау көрсету құралдарына қол жеткізді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді