Астанада 2020 жылға дейін 100-ге жуық балабақша ашылады

29 Сәуір, 2014 14:44
Елордада 2020 жылға дейін 100-ге жуық балабақша пайдалануға беріледі.

Бүгінгі таңда шаһарда 17 балабақша салынып жатса, тағы 3 мектепке дейінгі мекеменің құрылысы басталады, деп Астана қаласы әкімдігінен хабарлады.

«Мемлекет басшысы Н.Назарбаев астаналық бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін жаңа мектепке дейінгі мекемелерді салу арқылы 100% балабақшамен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сонымен, 2013 елорда да 8 балабақша пайдалануға берілді», - делінген хабарламада.

Бүгінде Астанада 33 мыңнан астам бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған 148 балабақша мен  25 шағын-орталық жұмыс істеуде.

Барлық жаңалықтар