- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендірілетін компаниялар тізімін бекiтті (ВИДЕО)
Үкімет «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендірілетін компаниялар тізімін бекiтті (ВИДЕО)
«Қазақстан Республикасының Үкіметi бүгiнгi отырысында «Самұрық-Қазына» тобының жекешеленуге жататын, Жекешелендiру бағдарламасы аясында бәсекелестiк ортаға шығарылатын компаниялар тiзiмiн бекiттi. Қордың құрылымына кiретiн 599 компанияның 122-сi бәсекелестiк ортаға жiберiледi. Бiрақ оның 16 компаниясы бейiндi емес активтер. Ал 106 компания бейiндi активтерге жатады», - деді Н.Рахметов.
Сонымен қатар, оның мәліметі бойынша, 50 компания екiншi деңгейлi банктермен бiрге сатылады. Айта кетейiк, банктер де бiздiң құрылымнан шығарылуда. Қордағы 48 компания жабылса, 20 компания қайта құрылады. Ал 5 компания мемлекеттiк органдарға берiледi.
«Жалпы алғанда 223 компания, яки 37% қысқарады. Үкiмет бекiткен тiзiмдегi 106 бейiндi компанияның 64 активi 2014 жылы сатылады, ал 22-сi 2015 жылы сатылымға шығарылмақ. 8 компания 2016 жылы сатылса, ал қалған компаниялар 2018-2020 жылдары нарыққа шығарылады», - деп Н.Рахметов хабарлады.
Осы ретте, IPO мен SPO (екінші рет бағалы қағаздарды шығару) шеңберінде 2014 жылы «KEGOC» АҚ 10% минус 1 акциясын және «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ 24% минус 1 акциясын, ал 2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ 20-25% акциясын, 2016 жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ мен «ҚазАтомПром» АҚ 10% минус 1 акциясын саудаға шығару жоспарланған.
«Сондай-ақ активтердi жекешелендіру iсi ашық жүргiзiледi және активтердiң жеке секторға сатылғаны туралы ақпараттар толық әрi жүйелi түрде жариялап тұрады», - деп Н.Рахметов өз ойын түйді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар -
Үкімет: Пандемия кезінде білім беру саласында қабылданған шаралар -
Президент тапсырмасы: Қазақстан үкіметі қандай шараларды қолға алды -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Жаңа үкімет құрамы жасақталды -
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді