- Басты
- Жаңалықтар
- «Бизнестің жол картасы - 2020» - шетелдік инвесторларға таптырмас олжа - Петер Пауль Уох
«Бизнестің жол картасы - 2020» - шетелдік инвесторларға таптырмас олжа - Петер Пауль Уох
«Біздің команиямыздың терезе және есік жақтаулары желісі бойынша тұтынушылардың басым бөлігі Қазақстан және оның көршілері болғандықтан Астанаға Германиядағы кәсіпорнымызды көшіруге мәжбүр болдық. Себебі, дайын өнімді Еуропадан тасымалдау тым қымбатқа түсетін. Зауытты Қазақстанға көшірмес бұрын бізде екі таңдау болды. Ол Ресей немесе Қазақстан. Ойлана келе біз Қазақстанға тоқталдық. Себебі, елдің инвестициялық климаты өте қолайлы. Оның үстіне мемлекеттік қолдауда жақсы сезіліп тұрды», - деді сөз басында Петер Пауль Кох.
Сонымен қатар шетелдік инвестор «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламысының тиімділігін тілге тиек етті.
«БЖК-2020 мемлекеттік бағдарламасы ілкімді істі іркілтпей іске асыруда үлкен демеу болды. Аталмыш бағдарлама шеңберінде біз өзімізге қажетті қаржыға қол жеткізе алдық. Ерекше атап өткім келетіні, жобаны жүзеге асырумен айналысатын мамандар өз істерінің шебері болып шықты. Олар бағдарламаның қалай жұмыс істейтінін бізге түсіндіріп, қажетті көлемде қаржы алуымызға барынша септігін тигізді. Дәлірек айтатын болсақ 70% өзіміздің капиталымыз. Ал, қалған 30% «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық «Халық банкі» Даму қорымен бірлесіп қаржыландырды», - деп Петер Пауль Кох мембағдарламаға өз бағасын берді.
Сонымен қатар, шетелдік кәсіпкер бір ай бұрын күшіне енген Елбасының мараторийін де жоғары бағалады. Оның айтуынша, жақында ашылған кәсіпорын үшін кәсібінің тасын одан ары дөңгелетуде ол еш алаңсыз жұмыс істеуге септігін тигізеді.
Жалпы, статистикаға сүйенсек, БЖК-2020 шеңберінде елімізде 78 мыңға жуық кәсіпкер мелекеттік қолдауға ие болып, нәтижесінде 58 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Бұдан басқа 171 мыңнан астам жұмыс орындарына қолдау көрсетілген. Айта кетерлік жайт, бүгінде экономикадағы әрбір бесінші жұмыс орны осы Бағдараламының шеңберінде құрылыпты.
Мөлдір Асқар
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы