- Басты
- Жаңалықтар
- Біз Мемлекет басшысы идеясының жүзеге асуының куәгерлеріміз – ММУ филиалының студенті
Біз Мемлекет басшысы идеясының жүзеге асуының куәгерлеріміз – ММУ филиалының студенті
«Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда әлем елдерінің өзара ықпалдаса өмір сүруі мемлекеттер дамуының басты кепілі болып табылады. Өйткені бүгінгі таңдағы ең басты мәселелердің бірі елдер арасындағы достық пен бейбітшілік екені рас. Алғаш рет біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мәскеу Мемлекеттік университетінде 1994 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы айтқан болатын. Араға жиырма жыл салып осынау идеяның іске асып жатқанына біз куә болып отырмыз. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшарт талқыға түспек. Біз үшін ол өте маңызды тарихи оқиға. Өйткені осы арқылы барлық қазақстандықтардың өміріне үлкен өзгрістер енбек», - дейді Қ.Талапқызы.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы бұл ықпалдастық қоғам өміріне тек экономикалық жағынан ғана әсер етіп қоймай, басқа да салалардың дамуына әсерін тигізбек.
«Мысалға, өзімнің білім алып жатқан Мәскеу Мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесінің құрылуы Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қатынаспен тығыз байланыстың жемісі. Осы орайда ЕЭО құрудың нәтижесінде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық және білім беру саласындағы алыс беріс пен барыс-келістің бұрынғыдан да тереңдей түсері анық. Бұл өз кезегінде 21 ғасырдың талаптарына сай бәсекеге қабілетті қоғам орнатуға алғышарт қалыптастырмақ», - дейді Қ.Талапқызы.
Жалпы, Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы экономикалық және өзге де байланыстардың қалыптасуының тарихы тереңде жатыр. Көршілес елдердің аталмыш одақты құра отырып байланыстарын нығайта түсуі үш мемлекеттің де оң жамбасына келметінін айтады ММУ студенті.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция бойынша дәріс оқыған болатын.
Бауыржан Мұқанов
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы