- Басты
- Жаңалықтар
- ЭБЖМ «Инвестиция туралы» Заңға өзгертулер енгізеді
ЭБЖМ «Инвестиция туралы» Заңға өзгертулер енгізеді
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отыра инвесторларға арналған жаңа пакетті енгізу үшін Үкімет бірқатар шараларды ұсынып отыр. Біріншілік шаралар ретінде ҚР «Инвестиция туралы» Заңының инвесторлармен келісім шарт орнату саласы қайта қаралмақ. Мемлекеттік қызметтің қосымша шараларын енгізу ұсынылуда, ол мемлекет компенсациясын 30 пайызға арттыруды қажет етеді.», - деді Е. Досаев.
Оған қоса, заңнаманың тұрақтылығын 10 жылға дейін арттыру қарастырылған. Ол салықтық, миграциялық және экологиялық тарифтерді ұзақмерзімді ету.
Сонымен қатар, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі инвестициялық ахуалды жетiлдiру үшiн қосымша шаралар ұсынылғандығын атап өтті. Соның ішінде «бір терезе» ұстанымы да қарастырылған.
Досаевтың айтуынша, шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз тарту мен жеңілдіксіз нысанның пайдалануға берілгенінен бір жылдан кейін және инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңіне шетелдік жұмыс күшін тартуда инвесторларға рұқсат беру күтілуде.
«Сонымен қатар, инвестициялық климатты жақсарту үшін қосымша шараларды енгізу қарастырылған. Қосымша шаралар ретінде ең дамыған елдердiң азаматтарына тұру мерзiмi 90 күнге дейiн визасыз режимдi бiржақты тәртiпте орнату; шетелдiк компаниялардың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларына инвесторлық визаларды ұсыну; шетелдiктерге тауарлы ауыл шаруашылық өндiрiстi жүргiзу үшiн инвестиция салғанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi жалға беру мерзiмдерiн ұлғайту», - деді ведомство басшысы.
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек -
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңға қандай түзетулер енгізілді -
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер енді -
Мемлекет басшысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды -
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қойды -
Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы талқыланды -
Қ.Тоқаев саяси партиялар туралы заңға қол қойды -
Қ.Тоқаев сайлау туралы заңға қол қойды -
Мемлекет басшысы бейбіт жиналыстарға қатысты бірқатар заңға қол қойды -
Президент қандай заңға өзгеріс енгізді -
"Төтенше жағдай туралы" заңға қандай өзгерістер енгізілді -
Қазақстанда сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілді