- Басты
- Жаңалықтар
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық бағыты – Тәжин
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық бағыты – Тәжин
Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы ретінде қарастырылатынын атап өтті. Ел Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында бұл құбылысқа қарсы күресті күшейту және жою қажеттігін ерекше атап көрсетті.
Отырыста денсаулық сақтау саласы қаржыландыруды ең көп қажет ететін саланың бірінен саналатыны, сол себепті оған жыл сайын едәуір мөлшерде бюджеттік қаражат бөлінетіні атап өтілді. Алайда бүгінде оны тиімсіз пайдалану орын алуда, медициналық қызмет көрсетуде, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде проблемалар бар.
Сондай-ақ, комиссия жер қойнауын пайдалану мәселелеріне байланысты бірқатар проблемаларды қарастырды. Өйткені, республикалық бюджеттің негізгі кіріс бөлігі осы саладағы салық түсімдері есебінен құралады. Сөз сөйлеушілер атап өткендей, сыбайлас жемқорлық фактілері пайда болуының негізгі себептері келісім-шарттарды жасау және рәсімдеу тәртібінің тым күрделілігінде болып саналады. Салықтар мен баж салығын төлеуден жалтаруға жол бермес үшін шикі мұнайды өндіруге, тасып әкетуге бақылауды және есеп жүргізуді барынша қатайта түсу қажет.
Отырыста ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешевтің, Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекованың, Мұнай және газ министрі С.Мыңбаевтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың есептері тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия тарапынан мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары