- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭО-ның құрылуы қазақстандықтардың өміріне оң әсер етеді - А. Оспанов студент
ЕЭО-ның құрылуы қазақстандықтардың өміріне оң әсер етеді - А. Оспанов студент
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын ұсынған Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы ұсынысы бүгінгі күні өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, көпшілік тарапынан қолдауға ие болып отыр. Өйткені, қазіргі кездегі әлемдік үрдістерге қарайтын болсақ, Қазақстан мен Ресей секілді екі елдің өзара интеграциясы тек қана қатысушы елдердің пайдасына қызмет етпек. Бұл тұрғыда Ресейдің ірі батыс нарығымен тығыз байланыста екенін ескерсек, бұл бастама біздің ел үшін өте тиімді болмақ», - дейді Алпамыс Оспанов.
Оның айтуынша, Еуразиялық Экономикалық одақтың құрылуы қазақстанықтардың өміріне оң әсер етіп, жалпы қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына серпін бермек.
«Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің экономикалық ықпалдастығы әсіресе біздің елдің кәсіпкерлері мен шағын және орта бизнесіміздің дамуына айрықша ықпал етпек. Өйткені Қазақстан нарығының әлемдік тұрғыда дамуы үшін Ресей мен Беларусь елдерінің нарығына да шығып, сату алаңын кеңейткені жөн. Бұл тұрғыда отандық кәсіпкерліктің тасының өрге домалайтыны анық», - дейді А. Оспанов.
Сонымен қатар, ММУ студентінің пікірінше, мәселенің екінші жағы, ресейлік кәсіпкерліктердің Қазақстан нарығына шығу мүмкіндігінің алуы да жалпы Қазақстан нарығына тиімді болмақ. Олай дейтін себебі, әлемдік деңгейде алпауыттармен бәсекеге қабілетті Ресей кәсіпкерліктері біздің елде ішкі нарықтың да бәсекеге қабілеттіліктерін арттырып, отандық бизнеске тың серпін бермек.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция бойынша дәріс оқыған болатын.
Бауыржан Мұқанов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады