- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Өскенбаев терезе сұлбаларын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты
Қ.Өскенбаев терезе сұлбаларын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты
«2013 жылы серіктестіктің тұтынушыларының басым бөлігі Орталық Азияға жақын орналасқандықтан, зауыт терезе және есік сұлбаларын өндіретін желісін Германиядан Қазақстанның Астанасына толығымен көшірді. Бұл қадам олардың арасындағы ара қашықтықты азайтып, тауардың бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыра түсті. Жобаға компания 11 млн. еуроны инвестициялады. Ағымдағы жылы қосымша 3 млн еуроны инвестициялайтын боламыз. Қаржы мәселесін дәлірек айтатын болсақ 70% өзіміздің капиталымыз. Ал, қалған 30% «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық «Халық банкі» Даму қорымен бірлесіп қаржыландырды. Мемлекеттік бағдарлама ілкімді істі іркілтпей іске асыруда үлкен демеу болды. Қаржы институтының мамандары да өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсетті» ,- деп «Funke Kunststoffe(Функе Кунстштоффе)» ЖШС бас директоры Петер Пауль Кох ағынан жарылды.
Компания директорының айтуынша «Funke Kunststoffe» компаниясының іргетасы 1970 жылы қаланған. Ол терезе және есік сұлбаларынан басқа пластикалық және көп қабатты құбырлардың, өндірісімен айналысады. Бүгінде немістің қазақстандық кәсіпорнында өндірістің 4 цехы жұмыс істейді. Шикізат цехы, өндірістік цех, зертханалық және құрал-саймандар цехы. Ол заманауи техникамен толығымен жабдықталған. Оның үстіне өндіріс жартылай автоматтандырылыпты. Компания өз өнімінің 40% Қазақстанда, қалған 60% ТМД елдеріне, Кедендік одаққа мүше елдерге және Азия мен Шығыс Еуропа елдерінде саудаға шығарады. Бүгінде өндіріс ошағында 70 елордалық напәқасын тауып отыр. Олардың 25 өткен жылы Германияда арнайы оқытылып, біліктілігін арттырған.
Айта кетерлік жайт, аталмыш зауыт Қазақстан нарығы қажеттілігінің 10% қамтамасыз етіп отыр. ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбевтың айтуынша бұл тек бастамасы ғана. Компанияның алар асулары мен бағындырар биіктері әлі алда.
«Қазақстанда терезе мен есік сұлбаларын өндіретін кәсіпорындар жетерлік. Алайда бұл зауыттың басты ерекшелігі ол жан-жақтылығы. Егер, бір компания бір түрлі өнімді шығаратын болса, біз келген кәсіпорын сіздің тапсырысыңызға қарай оны түр-түрімен шығара алады. Сапасы да өте жоғары. Бір өкініштісі, компания шикізатты еуропадан алдырады. Негізі ол мұнайдың бір бөлігі, демек өзімізде өндіре аламыз. Әттегені сол, өндірістің бұл түрі бізде әлі дамымаған. Бұйыртса болашақта Атырауда арнайы кәсіпорын ашып, бұл олқылықтыңда орнын толтыратын боламыз. Сонда өнімді толығымен Қазақстанда жасалды деп айта аламыз», - деді вице - министр.
Мөлдір Бекбергенова
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды -
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды -
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды -
Елордада "Abai tv" телеарнасының таныстырылымы өтті -
Қазақстан қайта өңдеуге жатпайтын қоқыстан энергия өндіретін болды