- Басты
- Жаңалықтар
- Техника сатып алу өтініштерінің саны күн санап өсуде – ҚазАгроҚаржы
Техника сатып алу өтініштерінің саны күн санап өсуде – ҚазАгроҚаржы
«2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстары кезеңінде лизингке барлығы 12, 3 млрд. теңгеге 1 234 бірлік техника лизингке табысталған болса, ағымдағы жылдың сәуір айының соңына қарай «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясына егіс жұмыстарына сомасы 13, 5 млрд теңгеге 1 576 бірлік техника сатып алуға өтінім тапсырылып та қойған - бұл өткен жылдың көрсеткішінен 27 % жоғары», - делінген хабарламада.
Техникаға деген сұраныс еліміздің кейбір аймақтарында егіс жұмыстарының әзірше басталмағанына қарамастан, ұлғая түсуде. Сарапшылар техника сатып алуға берілген өтінімдердің көбеюін егіс алқаптарының ұлғаюымен, Қазақстандағы машина-трактор паркін жаңарту қажеттілігімен және шаруагерлерге «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы табысталатын техниканың жалпы қол жетімділігімен байланыстырады.
Бүгінгі таңда Қоғам 6, 8 млрд. теңгеге 687 бірлік техникаға қаржы лизингі шартын жасасып та қойған (салыстыру үшін, 2013 жылы - 5,2 млрд. теңгеге 562 бірлік). 272 бірлік техниканы қаржыландыруға тапсырылған өтінімдер мақұлданды, шаруагерлерден келіп түскен қалған өтінімдер қаралу үстінде және таяу арада техникалар өз иелерін табатын болады.
Жалпы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі ағымдағы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына 61,6 млрд.теңге бағыттауды жоспарлап отыр, оның 40 млрд.теңгесі бюджеттік несие. Ағымдағы жылы егіс жұмыстарына несиелер еншілес компаниялар арқылы өткен жылдағы ұқсас несиелік өнімдер бойынша беріледі. Бұдан басқа «ҚазАгро» алғашқы рет көктемгі-егіс жұмыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыратын болады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары