- Басты
- Жаңалықтар
- БЭК пен КО құру жаһандық экономиканың түгел ұтуына алып келеді – Н.Назарбаев
БЭК пен КО құру жаһандық экономиканың түгел ұтуына алып келеді – Н.Назарбаев
25 Сәуір, 2013 00:00
Бұрыңғы одақ республикаларының экономикалық ықпалдастыққа ұмтылуы жаһандық экономиканың ұтуына алып келеді, деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ХІ Еуразия медиа форумның ашылуында сөйлеген сөзінде.
«Форумның Еуразия ықпалдастығына үлесін ерекше атап өткім келеді, оны мен 20 жыл бойы жақтап келемін. Үш ел Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одақ құрды. 2015 жылдың басында біз БЭК құрамыз, ол ЕЭО құруға мүмкіндік береді. Форумның күн тәртібінде белгіленген маңызды тақырыптардың бірі дәл осы одақ дамуының перспективасымен байланысты болғаны мені қуантады», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
«Үш елдің тауар нарықтарын, жұмыс күшінің қызметтерін біріктіруге ұмтылуы жаһандық экономикның түгел ұтуына алып келеді. Батыс пен Шығыс арасында өзінің коммуникациялық қабілеттерін дамыту арқылы көпір құруға белсенді ұмтылып келе жатқан Еуропа мен Азияның торабында орналасқан кең аумақ іскерлік белсенділік үшін жалпы алдын ала ашық ережелерімен жалғастырушы кеңістік болады», - деп басып айтты Н.Назарбаев.
«Кедендік одақ жұмысының алғашқы жылы тауар айналымының өсуіне алып келді, мысалы, Қазақстан мен Ресей арасында - 40%-ға, Қазақстан мен Беларусь арасында 2 есе.Әрине, жыл сайын мұндай қарқын болмайды, бірақ Қазақстан мен басқа елдерде жүздеген бірлескен кәсіпорындар құрылды - бұл экономиканың дамуы, жаңа жұмыс орындары», - деп жалғады өз сөзін.
Елбасы айтып кеткендей, «әлемдегі экономикалық ықпалдастық сөз етілуде. Ең жақсы соңғы мысал - ол Еуропалық Одақ, бірақ ондағы үлкен кемшіліктерді көріп отырмыз. Сол қателерді қайталамауымыз керек».
«Посткеңестік республикалар бұрыннан көліктік тораптармен, байланыстармен, адами, білім беру дәнекерлерімен байланысқан, бізде тілдік кедергі сияқты проблемалар жоқ, біздің экономикамыз жүздеген жылдар бойы ықпалданғаны сонша, ол қазір бізге бәсекелестік жағдайда аман қалуымызға көмектеседі», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
Оның айтуынша, болашақ Еуразиялық экономикалық одақ қатысушылары әлемнен шеттемей, барлық мемлекеттермен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда.
Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Еуразия медиа форумның кезекті ХІ конференциясы өтіп жатыр. Форум Еуразия БАҚ-ның кәсіби дамуының ілгерілеуі мен Еуразиялық өңір дамуының ерекшеліктері туралы ақпарат тарату үшін ұйымдастырылған.
Форум тақырыптары Ауғаныстаннан НАТО жасағын шығарғаннан кейінгі Орталық Азиядағы қауіпсіздік, Таяу Шығыстағы жағдай, Еуразиялық Экономикалық Одақ және Кедендік Одақ қызметін талдау мәселелерін қосқанда дүниежүзілік және өңірлік аумақтағы өзекті мәселелерді, ақпараттық қауіпсіздікті және ХХІ ғасырдың медиа-трендтер аспектілерін, сонымен қатар Қазақстандағы «жасыл экономиканы», энергия тиімді жобаларды дамытудың перспективаларын талқылауға арналған.
Іс-шараларға 60-тан астам елдің халықаралық көрнекті саясаткерлері, экономистері, журналистер мен қоғамдық-саяси қайраткерлер, сонымен қатар медиалық, саяси және сарапшы ұйымдардың өкілдері қатысады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады