- Басты
- Жаңалықтар
- «ТДҰА» АҚ 3 инновациялық идеяны жүзеге асыру үшін 13 млн теңге бөледі
«ТДҰА» АҚ 3 инновациялық идеяны жүзеге асыру үшін 13 млн теңге бөледі
Алғашқы кандидаттардың бірі Аршидин Тоқтамовтың инновациялық идеяларын іске асыру үшін ТДҰА-дан алып отырған бұл алғашқы гранты емес, деп АҚ-да хабарлады. Биылғы жылы Агенттіктің сарапшылар кеңесі инноватордың iOS және Android ОЖ негізіндегі смартфондарға арналған «Available world» мобильді қосымшасын әзірлеу бойынша жобасын мақұлдады. Әзірлеушілер қосымшаны мәдени-танымдық туризм үшін әлеуметтік желі функционалына ие интерактивті гид ретінде ұсынып отыр. Қазақстан нарығында тестілеуден өткізгеннен кейін, қосымшаның авторлары халықаралық нарыққа шығаруды көздеп отыр.
Тағы бір өтініш иесі «Limard National Technology» ЖШС ультрадыбыстық шығын өлшеуіште сигналдардың иннвовациялық өңдеу әдісін әзірлеуде. Бұл технологияны сумен жабдықтау кешендерінде қолдану функционалды кеңейтуге және ультрадыбыстық шығын өлшеуіштердің кемшілігін азайтуға мүмкіндік береді. Әзірлемені өнеркәсіптік кәсіпорындарда энергия тиімділігін арттыру және өндірістік қуаттылықтар мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін қолдануға болады.
Сондай-ақ, IT нарығына бейімделген интеллектуалдық вирусқа қарсы жобаны жасауға инновациялық грант алып отыр. Жобаның негізінде аса қауіп төндіретін белгісіз вирустарды («нөлдік күн осалдығы») анықтау үшін инновациялық технологияны енгізу идеясы жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанда сегіз басым бағыттар бойынша инновациялық гранттардың тоғыз түрі беріледі. Бастапқы даму кезеңдегі жас кәсіпкерлер 50 млн.теңгеге дейінгі көлемдегі инновациялық грантқа ие бола алады. Ал технологияларды коммерциализациялау бағыты бойынша – 30 млн.теңгеге дейін, өндірістік зерттеулерді жүргізу бойынша – 30 млн.теңгеге дейін, шетелде не (немесе) аймақтық меншік ұйымдарында меншіктеу бойынша – 6 млн.250 мың теңгеге дейін грант бөлінеді. Іске қосылған кәсіпорындар басқарушылық өндірістік технологияларды енгізу үшін – 15 млн.теңгеге дейін, шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату үшін – 2 млн.теңгеге дейін, жоғарыбілікті шетелдік мамандарды тарту үшін – 9 млн.теңгеге дейін, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту үшін – 35 млн.теңгеге дейін, технологияларды жасау үшін – 150 млн.теңгеге дейін грант беріледі.
Инновациялық гранттар бағдарламасы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен іске асады. Оның операторы – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция