- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да халықаралық дәрежедегі тау шаңғы курорты ашылады
ОҚО-да халықаралық дәрежедегі тау шаңғы курорты ашылады
Оңтүстік Қазақстан облысы Толе би ауданының Қасқасу елді-мекенінде, яғни Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан, инфрақұрылымды дамытатын бұқаралық спортты жетілдіру мақсатында тау шаңғы курортын ашу жоспарланған, деп ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустрия және туризм комитетінде хабарлады.
2014 жылы «Бизнестің жол картасы» аясында республикалық бюджеттен «Қасқасу» жобасының инженерлік-коммуналдық құрылысына 200 млн қаржы бөлінді. Инфрақұрылымның құрылысына 2,8 млрд теңге жұмсау қарастырылған.
ҚР ИЖТМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, бас жоспардың аясында 23 шақырымдық 19 аспалы жолдың құрылысы жоспарланып отыр. Оның өткізу мүмкіндігі сағатына 8,5 мың адамды құрайды. Сонымен қатар, жобаның іске асырылуы 800 жаңа жұмыс орнын құруға жол ашады.
«Ecosign» компаниясының мәліметінше, тау-шаңғы курортында 34 трасса ашылады. Әрқайсысының ұзындығы 34,3 км-ге жетпек. Трассаның өткізу мүмкіндігі күніне 11,7 мың шаңғышыны құрайды. Жоспар бойынша, қазақстандық тұрақты қонақтармен қатар курортқа Ресей мен БАӘ туристерді де келіп демалмақ.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері