- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Мәскеудегі ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты
Б.Сағынтаев Мәскеудегі ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты
Ертең Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттерінің қатысуымен өтетін жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы қарсаңында, ЕЭК кеңесі Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі дамытудың мейлінше көкейкесті мәселелерін қарады, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасы, сондай-ақ мемлекеттердің өзара тиімді мүдделерін қанағаттандыруға және интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған жобаларды жасау барысындағы әріптес елдермен бірлескен жұмыстардың негізгі аспектілерін талқылады.
БЭК кеңесі бәсекелестікті дамыту, мұнай мен мұнай өнімдерін алып өту, газ және автокөлік тасымалы, теміржол тарифтерін қолдану мен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын анықтады.
Өнеркәсіптік, агроөнеркәсіптік, валюталық сфераларды, қаржы рыноктарын қамтитын, экономиканың негізгі секторлары бойынша бұл салаларды өзара тиімді дамыту жөніндегі ортақ түсіністікке қол жеткізілді.
Отырыс қортындысы бойынша Кедендік одақтағы сыртқы экономикалық қызметтер шарттарын ықшамдау және жетілдіру, атап айтқанда «бірыңғай терезе» жүйесін енгізу жөніндегі одан арғы өзара іс-қимыл туралы шешім қабылданды.
Тараптар экономикалық интеграцияны дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстың жоғарғы ынтымақтастық деңгейінің және тең құқықты қарым-қатынас әлеуетін тиімді пайдалануға пейіл екендіктерінің жарқын көрінісі болып табылатынын атап көрсетті.
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
COVID-19: Вакцинациялауға қатысты өзекті сұрақтар мен оларға жауап -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық