• Басты
  • ЕАЭО КО мүше елдеріне қосымша инвестиция тартады - Қ.Өскенбаев (ВИДЕО)
28 Сәуір, 2014 16:46

ЕАЭО КО мүше елдеріне қосымша инвестиция тартады - Қ.Өскенбаев (ВИДЕО)

Еуразиялық экономикалық одақ Кедендік одаққа мүше елдерге қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР өңірлік дамудың бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
ЕАЭО КО мүше елдеріне  қосымша инвестиция тартады - Қ.Өскенбаев (ВИДЕО)

«2013 жылы КО мүше елдердің арасында тауар айналымы 24 млрд. доллардан асып жығылды. Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанның территориясында салмақты инвестициялар тартылып жатыр. 2009-2010 жылмен және 2012-2013 жылмен  салыстырғанда тікелей инвестициялар көлемі 3, 4 млрд. долларды құрады. Осы ретте жалпы шетелдік инвестициялар көлемі 3- 4 % өсіп, 28 млрд. долл. құрады»,  -деп Қ. Өскенбаев атап өтті.

Оның пайымынша, үш мемлекеттің нарықтық реформаға өтуіне қарамастан , аталмыш интеграциялық процестердің басты себебі Ресей, Беларусия мен Қазақстанның  ішкі артықшылықтарына байланысты.

«Бұл ішкі жеңілдіктер біздің Ресей мен Беларусь арасындаы ынтымақтастық  нарығымызға қатысу мен толыққанды қазақстандық өнімді өндіру, тарифтік емес реттеудің өзге де формалары мен сертификациясы, лицензиясына әсер етпеді. Қазіргі таңда жасалатын жетілдіру талаптарына сай бірегейлендіру механизмінен өтіп, барлық техникалық реттеулер бірегей түрде өткізіліп, үш елдің де кәсіпкерліктері үш елдің ішінде де өздерін жайлы сезінуге мүмкіндік береді», - дейді ол.

Өскенбаевтың айтуынша, біздің елдің салықтық заңнаманың жайлы жағдай жасауы, инвестициялық артықшылықтар, жалпы әлеуметтік-саяси тұрақтылық пен өзге де тиімді факторлар Қазақстан ішінде ресейлік кәсіпкерліктің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр.

«Институциялық сипатқа ие барлық нормалар мен артықшылықтар және мемлекеттік кәсіпкерлікке  қолайлы жағдай жасау үшін қолға алып жатқан қаржылық көмектері біздің әріптестеріміздің Қазақстан ішінде еркін жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл өз кезегінде елге қосымша инвестиция әкеліп, жаңа мүмкінідктер ұсынады», - дейді ол.

Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасында жалпы құны 32 млрд  доллар болатын 40 шақты ірі инвестициялық жобалар дайындалып жатыр. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды