- Басты
- Жаңалықтар
- «Жасыл» экономикаға өту 7 бағыт бойынша қарастырылады – А.Құралов
«Жасыл» экономикаға өту 7 бағыт бойынша қарастырылады – А.Құралов
А.Құралов «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының дайындалуы туралы айтты.
«Аталмыш заң жобасы «жасыл» экономика ұстанымдарын енгізу үшін жайлы жағдай қалыптастыру мақсатында еліміздегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған», - дейді А.Құралов.
«Жасыл» экономикаға өту 7 бағыт бойынша қарастырылады: су ресурстарын тиімі басқару, қалдықтары пайдалану, ауыл шаруашылығын жаңғырту, энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру, электр энергетикасын дамыту, экожүйені сақтау және тиімді басқару, сонымен қатар ауа ластығы деңгейін төмендету.
«Заң жобасында заңнамаға өзгерістер енгізілуі мен Тұжырымдама қағидасына сәйкестендірілуі Қазақстан Республикасының 20-дан астам заңы мен кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді», - дейді А.Құралов.
Айта кету керек, заң жобасының дайындалуына Еуропалық Қайта құру және Даму банкі кеңесшілері атсалысты.
Сонымен қатар, заңның жобасын жасақтау үшін жұмыс тобы құрылды. Оған 70-тен астам мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.
Сондай-ақ заңның жобасында орталық және жергілікті билік органдарының, ЕҚҚДБ консультанттарының, «Тұрақты дамуға қолдау көрсету орталығының», «KazWaste» қауымдастығының, «Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары көрініс тапты.
Қазіргі таңда Заңның жобасы мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары