- Басты
- Жаңалықтар
- «Алматы – Қорғас» учаскесінің құрылысы басталды
«Алматы – Қорғас» учаскесінің құрылысы басталды
Ол есептік қозғалыс жылдамдығы 120 км/сағ арналған IБ техникалық санат өлшемдері бойынша салынатын болады, деп ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлады.
Учаске 8 лотқа бөлінген, құрылысқа 8 мердігерлік компания жұмылдырылды. Қазіргі кезде барлық учаскелерде темір-бетон бұйымдар мен инерттік материалдар жоғарғы екпінмен әзірленуде, техника мен жұмысшылар тарту жұмыстары өткізілуд. Сонымен қатар, топырақ төсемін жасау, көпірлер мен су өткізетін құбырлар салу басталды. Құрылыс жұмыстарына қазір 688 жол техникасы мен 1 362 адам қатысуда.
Жалпы, жоба бойынша учаскеде 56 көпір, 13 жол айрықтары, 22 жол өтпесі мен 460 су өткізетін құбыр салу жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстан аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің жалпы ұзақтығы 2787 км құрайды, оның 2452 км қайта салынуы тиіс. 2011 жылы 215 км пайдалануға берілді, 2012 жылы 700 км, 2013 жылы – 812 км жол бойында қозғалыс ашылды.
2014 жылы құрылыс аяқталып, жалпы төрт облыста 157 км бойында қозғалыс ашу жоспарланған. Айта кететін жайт, Ақтөбе облысында қазіргі таңға дәлізді қайта салу жұмыстары толықтай аяқталған болатын.
Сөйтіп, 2014 жылы құрылыс жұмыстары көршілес мемлекеттерге шығар учаскелерде, атап айтсақ, Алматы қаласынан Қытай Халық Республикасы шекарасына қарай, Жамбыл облысынан Өзбекстан Республикасына қарай ғана жүргізілетін болады.
Автодәліздегі құрылыс жұмыстарын аяқталу 2015 жылга жоспарлануда.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды