- Басты
- Жаңалықтар
- Банктерге өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ-ті қолдау үшін қаржы табысталды
Банктерге өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ-ті қолдау үшін қаржы табысталды
Қазіргі таңда банктер шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген 100 млрд теңгені толықтай алып, оны игеруге кірісіп кетті, деп хабарлайды «Даму» КҚҚ-ның ресми порталы.
Бүгінде банктер қаржыландырылатын жобаларды сараптау жұмыстарын бастады. Олардың берген мәліметінше, қазіргі таңда кәсіпкерлік жобалар бойынша өтініштердің жалпы құны шамамен 111 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде 44 млрд теңгенің жобасы азық-түлік өнімдерінің өндірісіне бағытталған.
Кәсіпкерлердің басқа да өтініштерінің қатарында текстиль бұйымдары, кеңсе және студия жиһаздары, әйнек бұйымдары, химия және өнеркәсіптік өнімдер мен өзге де өндірістер бар. Сараптама жұмыстарынан кейін банктер қарыз алушыларға несие беруді қолға алады.
Алқа мәжілісінде қаржы институттарының бөлінген қаражатты игеру бойынша жарты жылдық жоспары талқыланды. Осы ретте, «Даму» Қоры банктердің кәсіпкерлерге несие беру динамикасын бақылап отыратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 14 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің отырысында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша Ұлттық банкпен бірлескен жоспар қабылданды. Аталмыш жоспар аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 100 млрд. теңге бөлінді. Қомақты қаржы өндірістің қайта өңдеу саласы бойынша жобаларды жүзеге асырып жатқан шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге бағытталады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары