- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар ОҚО-ның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты
Сенаторлар ОҚО-ның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты
Ең алдымен, депутаттар ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында хабарлады.
Жалпы, Орталық ашылғалы бері 35 364 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. 31,8 млрд. теңге сомасына 2194 жоба қаржыландырылды. Рұқсатнама құжаттарын рәсімдеу бойынша 2 мыңңан астам бизнесмен қолдау алса, бастауыш кәсіпкерлерге Орталық мамандары 605 бизнес-жоспарды тегін дайындап берді.
Іс-сапар аясында депутаттар ОҚО инвестициялық жобалар көрмесіне барды. Астаналық қонақтар көрмедегі «Шымкент» ӘКК-нің тартылып жатқан инвестиция көлемі 70 млн.
АҚШ долларын құрайтын ең ірі жобаларының бірі – «Жылыжай жұмағы» агро-индустриалдық аймағы жобасымен танысты. Болашақта жылыжай кешенінің жалпы өнімділік қуаты 15 мың тоннадан астам жоғары сапалы өнімді құрайды деп күтілуде. Ол өз кезегінде импортты алмастыруды қолдауға серпін беріп, көкөніс аз болатын кезеңдерде Өзбекстан мен Қытай елдерінен тасымалданатын өнімге деген тәуелділікті төмендететін болады. Ал нәтижесінде 1200 адам жұмыспен қамтылады.
Іс-шара барысында «Шымкент инновация» ұсынған инновациялық жобалар қатарында: «FLAMOFF Ind» - Flamoff өртсөндіргіштерінің жаңа «ұрпағының» өндірісі, қуаттылығы 100 МВт күн электр стансасының құрылысы, «Soil Grip» ЖШС - Soil Grip топырағының сұйық химиялық тұрақтандырғышының өндірісі, «WaterLab KZ» ЖШС – жер асты және ағынды суларды тазалауға арналған аса тиімді мембраналық қондырғыларының өндірісі бойынша және т.б. жобалар болды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті