ИНФОГРАФИКА: Үкіметтің жол картасы. Тоғызыншы қадам.

26 Сәуір, 2014 09:10
2014 жылға арналған бірінші кезектегі әлеуметтік-экономикалық шаралардың Жол картасына 10 негізгі міндет енгізілген.

Тоғызыншы қадамда тарифтік саясатты қалыптастыру және бәсекелестік қарым-қатынасты дамыту көрсетілген.

Сонымен, шілде айында табиғи монополиялар саласы бойынша 2020 жылға дейін тарифтік саясат бағдарламасын қабылдау көзделген.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін табиғи монополиялар саласының реттелетін қызметтерін бәсеклестік ортаға шығару бойынша кешенді сараптама жүргізу бойынша шаралар жоспары жасақталады.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет 2014 жылға арналған бірінші кезектегі әлеуметтік-экономикалық шаралардың Жол картасын 2014 жылдың 14 сәуірінде мақұлдады. 

Барлық жаңалықтар