- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет басшысы ЭКСПО-2017 кешенінің сәулеттік дизайнын жасау бойынша конкурсқа қатысушылармен кездесті
Үкімет басшысы ЭКСПО-2017 кешенінің сәулеттік дизайнын жасау бойынша конкурсқа қатысушылармен кездесті
23 Сәуір, 2013 00:00
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кешенінің сәулеттік дизайнын жасау бойынша конкурсқа қатысушылармен кездесуі өтті.
С.Ахметов атап өткендей, «мұндай ауқымды мамандандырылған шараны өткізу халықаралық қауымдастықпен бірге біздің елімізде де үлкен қызығушылық туғызады». Бұл көрмені ұйымдастырушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Көрмені өткізуге дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі ЭКСПО-2017 алаңының сәулеттік дизайнын жасау болып табылады», деген С.Ахметов Қазақстан тарапынан конкурстың барлық кезеңдерінің ашық өтуі қамтамасыз етілетінін атап көрсетті.
Кездесу барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма басшысы Талғат Ермегияев Көрмені өткізудің тұжырымдамасымен таныстырды.
Кездесу соңында С.Ахметов қонақтарға конкурсқа қатысқандары үшін алғыс білдіріп, оларға алдағы бірлескен жұмыстар барысында табыстар тіледі.
Конкурсқа Италия, АҚШ, Германия, Англия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Қытай, Түркия, Испания, Ресей, Жапония, Қазақстанның сәулетшілері қатысады. Оның қатарында Манфреди Николетти, Кевин Ким, Майкл Джером Волк, Пей Жу, Али Саад, Сагри Канвер сияқты белгілі және т.б сәулетшілер бар.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек